Қазақтың ұлттық күнтізбесі

Поделиться:


Жүктеу: Қазақтың ұлттық күнтізбесі

Онлайн режимде оқығалы отырған бұл кітап автордың отыз жылдан аса жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дүниеге келіп отыр. Бұл кітаптың ең алғашқы нұсқасы 1988-1990 жылы «Уақыт керуені» деген атпен «Қазақстан» баспасында (рецензенті профессор Ақжан әл-Машани, редакторы Мұхтар Қазыбеков) басылып шығуы керек болатын. Бірақ өзімнің ұйғаруымен қолжазбамды кері қайтарып алдым. 2000 жылдан бастап әлі күнге дейін «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» деген атаумен қайта толықтырылған кітабымның жаңа нұсқасы әлі күнге дейін түрлі себептермен мемлекетіміздің тарапынан жарық көрмей келеді.

Мен бұл кітабымды сатып, азын-аулақ ақша табуды мақсат етіп отырғаным жоқ. Кітабымды ашықтан-ашық жұрттың назарына ұсынып отырмын. Егер осы кітабымда жазылған қазақ халқының уақыт есебіне қатысты күрделі теориялық ілімдерді меңгерген қазақ жастары болса, оларға одан әрі практика жүзіндегі барлық білім-тәжірибелерімді үйретуге және оқытуға дайынмын. Мұның бәрі айналып келгенде, көшпенді ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы мысқалдап жинаған ілімдерін өшірмей, келер ұрпаққа жеткізуді мұрат еткен ізгі ниетімнен туындап отыр.

Бұл дүниеде барлық нәрсе тек құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың еркімен ғана жүзеге асатындығына кәміл сенетіндіктен, кітабымның мемлекет тарапынан шықпағандығына қайғырып, құса болып, өкпелеп, нәпақадан қағылдым деп тырнақ астынан кір іздегім келмейді. Тек әйтеуір «Алланың көзі тура болсын» деп сабырлық сақтауды дұрыс көрдім. Өйткені, кімнің – ақ, кімнің – қара екендігін Алладан жақсы ажырататын ешкім жоқ!

Бұл кітап қазақтың көзі ашық, көңілі ояу, ұлтымыздың жарқын болашағына кәміл сенген, елі үшін барын да, жанын да беруге даяр көрегенді жастарына арналады. Астрономия, хронология, күнтізбе және таяуда пайда болған пәнаралық археоастрономия ғылымына толығымен арналған бұл еңбекте көкейкесті тың тақырыптар баяндалған. Еңбекте қазақтың ұлттық күнтізбелерінің түрлері талданып, теориясы баяндалады. Түркі халықтары ойлап тапқан  он екі жылдық хайуанаттар мүшелі қазіргі заман тұрғысынан жаңаша зерттеледі және 12 жылдық мүшел мен көне тарихымыздың негізінде күллі иісі түркі халықтары үшін дербес жылсанау жүйесін есептеп шығаруға әрекеттер жасалады.

Күні бүгінге дейін – Тоғыс есебі туралы көптеген мақалалар жазылып келеді. Бірақ, құр «қызыл сөзбен» Тоғыс есебінің теориясын жасап, оны практика жүзінде іске қосу ешбір мүмкін еместігін уақыттың өзі дәлелдеп шықты. Сол себепті бұл еңбектің барлық түйіні – Тоғыс есебінің төңірегінде топтасады. Әкемнің үйретуімен Тоғыс есебінің қыр-сырын өзім толық түсініп болған соң, осы іске көзі ашық, ілім-білімі жан-жақты шетел ғалымдарын, әсіресе австралиялық ғалым Питер И. Мейерді тарту арқылы қазіргі уақытта «Тоғыс есебінің» электронды программасы толық дайындалды.

Тоғыс есебінің заманауи жаңа нұсқасын – Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық күнтізбесі ретінде алдағы 2020-шы Тышқан жылы ресми түрде ендіруге болады.

Одан әрі қалған түркі елдері де бірте-бірте осы күнтізбе жүйесіне көшетіні даусыз. Себебі, Тоғыс есебі күллі түркі көшпенділерінің мыңдаған жылдар бойы қолданған ортақ күнтізбесі болып табылады. Бұл игі іс Қазақстан Республикасының әлемдегі дәрежесін арттыратыны сөзсіз.

Осы кітабымды ғазиз әкем – Әлісейіт Қамбарұлы мен анам – Апажан Сәдуақасқызының әзиз рухтарына арнаймын.

© Осы еңбекте қолданылған барлық суреттер ғаламтордағы ашық көздерден алынды.

© US Copyright: Қазақтың Ұлттық күнтізбесі: авторлық құқығы қорғалған. Автордың (Қалдархан Әлісейітұлы Қамбар © 1985-2018) жеке меншігі болып табылады. Автордың жазбаша рұқсатынсыз, бұл еңбекті кез келген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспаханаларда, кез келген нысанда басып шығаруға қатаң тыйым салынады.

© Қамбар Қ.Ә., Әлісейітов Ә.Қ., Адилова А.Ж.

Жүктеу: Қазақтың ұлттық күнтізбесі

Поделиться:


Добавить комментарий

Войти через:



Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *