Метки: qazaqsha

Қазақтың ұлттық күнтізбесі

Онлайн режимде оқығалы отырған бұл кітап автордың отыз жылдан аса жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дүниеге келіп отыр. Бұл кітаптың ең алғашқы нұсқасы 1988-1990 жылы «Уақыт керуені» деген атпен «Қазақстан» баспасында (рецензенті профессор Ақжан әл-Машани, редакторы Мұхтар Қазыбеков) басылып шығуы керек болатын. Бірақ өзімнің ұйғаруымен қолжазбамды кері қайтарып алдым. 2000 жылдан бастап әлі күнге дейін «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» деген атаумен қайта толықтырылған кітабымның жаңа нұсқасы әлі күнге дейін түрлі себептермен мемлекетіміздің тарапынан жарық көрмей келеді.